Түркістан облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім бар
Түркістан облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң деңгейде қалыптасты. Өңірдегі жалпы сауда көлемі 219,7 млрд. Теңгені құрап, 108,8% -ға өсті. Түркістан облысы бөлшек сауда көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бергі бөлшек сауда көлемі 150,5 млрд. теңгеге жетіп, 112,4% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 533,9 млрд. теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 224,2 млрд. теңгені. құрады.
Экономикалық өсудің негізгі драйвері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 476,9 млрд. теңгені, немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ды құрады. Бұл ретте мал шаруашылығы +0,2%-ға, ал егін шаруашылығы +9%-ға артты. Облыста сиыр сүтін өндіру +0,9%-ға, тауық жұмыртқасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +10,5%-ға ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 168,6 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,3%-ды құрады. Осымен бірге, жалпы республика бойынша тұрғын үй құрылысының бәсеңдеуіне қарамастан, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен Түркістан облысында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы +33,7%-ға артты немесе 486,1 мың шаршы метрге жетті.
Сонымен қатар, облысқа 337,6 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +1,7%-ға артық. Сондай-ақ 2022 жылғы тамызда тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,8% құрады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда көлік және қоймалау саласы +10,6%-ға артып, 285,8 млрд. теңгеге жетті. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені, немесе 108,7% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз үздік үштікке енді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі