«Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын» - Сыртқы істер министрі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында журналистер министрден қазақстандық бітімгерлерді Арменияға жіберу мүмкін бе деп сұрады.
"Қазір мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді.
Ол Әзербайжан мен Армения арасындағы шекара делимитацияланбаған, демаркацияланбағанын атап өтті. Сол себепті шекараның бұзылғаны туралы айту қиын көрінеді.
“Қазір басты міндет армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру керек. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын", - деді Тілеуберді.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ бас хатшысы екі елдің шекарасына барып, жағдайды бақылап, мемлекет басшыларына хабар береді.