Полицейлер өзімен бірге марихуана есірткісін алып жүрген ер адамды ұстады

Oinet.kz 04-08-2022 636

Screenshot_5.jpg

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес.

Мәселен, полицейлер «Қарасора-2022» іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде, ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған 1 бума есірткіге ұқсас затты ұсынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.  Полицейлер  алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады
Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу