Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті
Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайы бойынша 2012 жылы шыққан «Lada Priora» жеңіл автокөлігінің 2,5 шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен.
«Сонымен қатар көліктің жанында тұрған 1998 жылғы «Volkswagen Passat В3» автокөлігінің бір шаршы метр аумағы жанды», - дейді департаментте.
Өрт сағат 02:41-де ауыздықталып, сағат 03:00-де сөндірілді.
Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.