Ата-анасы кафеде отқан: БҚО-да 5 жастағы бала суға батып кетті

Oinet.kz 29-07-2022 1604

Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиеға 28 шілдеде Жайық ауылындағы жағажайда болған.

«Бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүргенде суға батып кеткен. Сол сәтте баланың ата-анасы мен туыстары жағадан 50 метр қашықтағы жазғы дәмханада отқан. Баланың жоқ екенін байқағанда ғана оны іздей бастаған. Жағажай құтқарушылары баланың денесін іздеуге кіріскен 40 минут өткен соң тапқан», - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетерлігі, оқиға суға түсуге жабдықталған орында болған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Өз-өзіне қол жұмсағанға мүлде ұқасамайды»: Шымкентте 23 жасар жігіттің денесі табылды
Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу