Сүйіктісімен жанжалдасып, телефонын тартып алған жас жігіт ұсталды

Oinet.kz 12-07-2022 586

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің танысы «Iphone 12 Pro Max» маркалы ұялы телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеуге алды.

Screenshot_10.jpg

Тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар сезіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізді. 

Анықталғандай, жас жігіт жәбірленуші қыздың сүйіктісі болып шықты. Ол екеуінің арасындағы түсініспеушілік салдарынан, қыздың ұялы телефонын өзінше билік етіп, алып кеткен. Телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сарыағаштық полицейлер пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады
Полицейлер үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу