Полицейлер шұлығының ішіне гашиш жасырған шетелдікті ұстады

Oinet.kz 20-06-2022 394

Screenshot_4.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түсті.  Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп,  ер адамды тінту кезінде, оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты зат «гашиш» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабанасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің есірткіні қандай мақсатта алып жүргені анықталуда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындар тексерілуде
Кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйел Шымкенттен табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу