НЗМ оқушылары IESO 2022 халықаралық олимпиадасына жолдама алды

Oinet.kz 08-02-2022 430

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Даниал Пак пен Нұрзат Баратбек “Жер туралы ғылым IESO 2022” олимпиадасының халықаралық кезеңіне жолдама алды. 

 IESO 2022 олимпиадасының іріктеу кезеңін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігінің  қолдауымен ашылған “Жас геолог” корпоративтік қоры ұйымдастырды. Жыл сайын өткізілетін сайыстың республикалық кезеңіне физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен алты оқушы қатысып, олардың барлығы жүлделі орынға ие болды. 

Республика деңгейдегі іріктеу кезеңінде оқушылар геология, геофизика, метеорология, океанография, астрономия салалары бойынша білімдерін көрсетіп, команда мен  жұмыс істеу және ағылшын тілі бойынша біліктіліктерін танытқан. 

“Жас геологтар биыл сайысқа қатысып жоғары нәтиже көрсетулері үш жылдағы үздіксіз дайындықтың жемісі” - дейді, Зияткерлік мектептің география пәнінің мұғалімі Нұржан Сұлтанбаев. Әріптесі Ерлан Есентаев пен бірге 22-30 тамыз аралығында өтетін халықаралық кезеңге дайындықты бастағандарын да айтты.

Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат
Президент жемқорлықпен күресу үшін қытай әдісін қолданатынын мәлім етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу