Президент жемқорлықпен күресу үшін қытай әдісін қолданатынын мәлім етті

Oinet.kz 08-02-2022 6054

Қытай билігі Өзбекстан еліне жемқорлықпен күресу мен кедейлікті азайту үшін көмек көрсетпек. Сондай-ақ Қытай үкіметі Өзбекстанға мол инвестиция құйып, сауда-саттықты көбейтуге, Ауғанстанмен арақатынасты жақсартуға да қол ұшын бермек. Бұл жайлы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_3.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Бейжің олимпиадасы аясында Қытайға іссапармен барып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. 5 ақпан күні өткен кездесуде екі елдің басшысы Бесжылдық сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Келісімшартта 2021 жылы Қытай мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы рекордттық көрсеткішке жеткені, өзбек экономикасына құйған қытай инвестициясының көлемі 9 млрд долларға жеткені ерекше аталған.

Сондай-ақ екі елдің серіктестігі арқасында Өзбекстан жемқорлықты жою үшін қытай тәжірибесін қолдануға рұқсат алды. Әрі мұны жүзеге асыруға қытай тарабы да көмектеспек.

"Си Цзиньпин Қытайдың Өзбекстанмен қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынасты тереңдетуге, пандемиядан туған қиындықтар мен кедейшілікті шешуге, жемқорлықпен күресуге қол ұшын беруге әзір екенін жеткізді", - деп жазады қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, Қытай Өзбекстанда "заманауи өндіріс жүйесін" тұрғызуға, "Қытай-Қырғыстан-Өзбекстан" темір жолын салуды үдетуге, тез іске қосуға көмектесуге дайын.

Айта кеткен жөн, Өзбекстан билігі елдегі кедейлікті азайту үшін қытай жүргізген реформаларды қолданғысы келетінін 2020 жылы да мәлімдеген. Сол үшін Қытайдан кеңесшілер тартуға мүдделі.

НЗМ оқушылары IESO 2022 халықаралық олимпиадасына жолдама алды
Араб жігіті қазақ қызын алу үшін қалыңмалға 10 млн теңге берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу