Қайрат Дәлбеков Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Oinet.kz 04-02-2022 1195

Полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 

Screenshot_7.jpg

Қайрат Сұлтанбайұлы бұған дейін Түркістан облысының полиция департаментін басқарды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков  1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында ракеталық бөлімде әскери борышын өтеген.  

1985 жылы Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер Министрлігінің жоғары мектебін бітіріп, 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған. 

1994 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ,  ол   Мақтарал ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, Кентау қалалық ІІБ бастығы,  

2009 жылы қаңтар – мамыр айларында ОҚО ІІД бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2013 жылы Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығы, 

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментін, 2018 жылдан Түркістан облысының Полиция департаментін басқарып келді.

«Өлсем де Шымкентке тұрмысқа шықпаймын»: Ақтөбелік ару Шымкент туралы шындықты айтты
Кәріске тұрмысқа шыққан қазақ қызы оның артықшылығын айтып мақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу