«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Танымал әнші Қуандық Рахым концерттегі қызықты жайттың видеосын желідегі парақшасында бөлісті. Видеодан сахнада ән салып тұрған жерінен белгісіз бойжеткен әншіні құшақтап алғаны көрініп тұр. Ал эстрада жұлдызы әнін ары қарай жалғастырып, соңында шыдамай күліп жіберген, деп хабарлайды Oinet.kz.
Өңірлерде өтетін шағын концерттер кезінде түрлі жайттар орын алатыны белгілі. Осындай күтпеген әрі қызықты оқиға Қуандық Рахымның концертінде орын алған. Көрермен қыздардың бірі сахнаға шығып әншіні қапсыра құшақтап алған. Ал өнер иесі оны құшақтаған күйі әнін соңына дейін айтып шыққан. Аталған жайттың видеосын әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасына жүктеп қойған.
- "Шағын клип. Қызық көп қой негізі концертте. Тыңдарманның шынайы сағынғандығы осындай үзілістен (карантин) кейін қатты білінеді ғой, шіркін", - деп жазды ол.
Бойжеткеннің әрекеті желі қолданушылары түрліше қабылдады. Бірі оның қылығын рсі деп сөксе, екіншілері жанкүйерінің ыстық ықыласы деп қызды ақтап әлек болды.