Мемлекет басшысы ауыс-түйіс жасады

Oinet.kz 21-10-2021 909

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Ақорда" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токаев.png

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша:

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Түркістан: Халықаралық суретшілер пленэрі мен жас суретшілер симпозиумы өтті
Кішкентай баланы достарының көзінше үлкен тас басып қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу