Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Oinet.kz 12-10-2021 1151

Қарағанды облысының Абай-Шахтинск тас жолында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан екі 18 жастағы жігіт және 52 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz.

апат.png

11 қазан сағат 14.00 шамасында Абай-Шахтинск автожолында "Лада Приора" көлігінің 19 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Нива-21213" көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт рөлге ие бола алмай қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан апат орнында "Лада Приора" көлігінің 18 жастағы жолаушысы мен "Нива-21213" көлігінің 52 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы бір 18 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды.

- Медициналық мекемеге "Лада Приора" көлігінің жүргізушілері мен екі жолаушысы жеткізілді. "Лада Приора" көлігінің 18 жастағы жолаушысы есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар Түркістан қаласына саяхаттады
Соңғы тәулікте 1499 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу