Үйсіз қалған Жахан Отарғалиев айына 400 мың теңгеге пәтер жалдап жатыр
Ипотекаға да, несиеге де қарсы өнер адамдарының арасында – Жаһан Отарғалиев бар. Актер: «Бөліп төлей аламын, ал үстеме қосатындарға жоламаймын», - дейді. Естеріңізде болса, Жаһан кино түсіру үшін зәулім үйін 65 миллион теңгеге сатқан болатын. Бүгінде жары – Балжан Бидашпен бірге пәтер жалдап тұрып жатыр.
– Менің ең жек көретін адамдарым қазір – риелторлар. Жек көрем мен сендерді! Шыныменде әркімнің өзінің жұмысы ғой. Бірақ олар чересчур заряжать ететіндерді түсінбеймін. Ұзақ іздеп жүріп, хозяйнның өзінен алдық. То есть риелторсыз. Сол себептен айына 400 мың теңге төлеп, пәтерде тұрып жатырмыз, - дейді Жаһан Отарғалиев.
Жұлдызды отбасы жсопарында әзірге жаңа пәтер жоқ екен. «Ең бірінші армандарымызға жетіп алайық. Кейін бәрі болады»,-дейді олар.