«Естисіз бе, Президент!?» - қамауға алынған кәсіпкердің ұлы Тоқаевқа үндеу жасады (видео)
Бір жылдан бері қамауда жатқан кәсіпкер, «Қайнар Май» ЖШС-нің директоры Хали Сармановтың ұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Бұл туралы 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.
- "Естисіз бе, Президент?" Бір жылдан бері қамауда жатқан Хали Сармановтың ұлы ел президентінен, қарт әкесінің жағдайына құлақ түруін сұрайды. "Неге біздің елде адам шығыны болған кезде ғана мәселеге назар аударта аламыз? Басқа жағдайда шырылдаған жандардың үні неге естілмейді?" — деп қапалы.
Еске сала кетейік, Хали Сармановқа жылжымайтын мүлкін иеленді деген жала жабылған болатын.