Мемлекеттік органның ішінде этикалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар

Oinet.kz 15-09-2021 508

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінде (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексі бойынша Департамент қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді, онда өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында сақталуы тиіс Департамент қызметкерлерінің моральдық қасиеттері мен міндеттемелері қарастырылды.

«Этика нормаларын сақтау - мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті» қағидатын негізге ала отырып, семинарда мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алу сияқты көптеген аспектілері қозғалды.

Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне ерекше назар аударды.

Бұл Кодексте мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп көрсетілген.

Осыған байланысты департамент басшысы өзінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуді және мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджінің бұзылуына жол бермеуді ұсынды.

«Менің де жүрегім бар» - Әміржан Қосанов (видео)
Халық санағына қатысқан азаматтарға 10 мың теңгеден беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу