«Менің де жүрегім бар» - Әміржан Қосанов (видео)

Oinet.kz 16-09-2021

Белгілі саясаткер, журналист Әміржан Қосанов сайлауға түскені үшін кейде өкінетінін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Қосанов.png

- Мен енді тірі адаммын ғой. Менің де жүрегім бар. Менің де жаным бар. Бір өкінетінім мен ойлаймын егер мен сол сайлауға түспегенде баяғы әдемі Әміржан болып, оппозицияның серкелерінің бірі, өкілі деп жүретін шығармын. Неге мен сол сайлауға түстім. Неге сондай сынға ұшырадым деген ойлар келеді. Бірақ, біз бір күндік мақсатпен емес мың күндік, мың жылдық мақсатпен өмір сүруіміз керек. Егер де, сол кезде азаматтық қоғамның өкілі болып мен түспегенде, баяғы көз үйренген қуыршақтар түскенде бүйтіп қоғам оянбас еді. Сайлауға ешкім бармас еді. Бақылаушылар армиясы пайда болмас еді. Біз айтқан ұлттық демократиялық идеялар халыққа сіңбес еді. Біз 5 жылға тағы қойш ол сайлауды қайтесің, бәрі белгілі ғой деген ойда қалар еді. Сондықтан, тарихи тұрғыдан қоғамның даму мүддесі тұрғысынан дұрыс жасадым деп ойлаймын - деді Әміржан Қосанов.

Шымкентте тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталды
Мемлекеттік органның ішінде этикалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×