Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингі барысында өңірдің бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов сұрақтарға жауап берді. Брифинг кезінде "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған әлдекімдер көмектескені эфирге түсіп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ерғали Сыдымановтан журналист "Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін" сұрады.
- "Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар", - деді әлдебіреу өңірдің бас санитария дәрігеріне сыбырлап.
Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі "көмектескен" болуы мүмкін.