Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Oinet.kz 13-09-2021 796

Талдықорған-Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 12 қыркүйекте сағат 19.15-те Талдықорған-Үштөбе тасжолының 41-шақырымында Toyota Karina мен Audi 80 автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

- "Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері алған жарақатына байланысты қаза болды, ал Тoyota Karina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 3 088 жағдайы тіркелді
Алматы санитария дәрігеріне әлдекімдер брифингте жауап беруге көмектесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу