Соңғы тәулікте коронавирустың 4 322 жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 322 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 789 471-ге жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 376,
Алматы қаласында - 1309,
Шымкент қаласында – 137,
Ақмола облысында – 259,
Ақтөбе облысында - 123,
Алматы облысында - 359,
Атырау облысында - 126,
Шығыс Қазақстан облысында - 166,
Жамбыл облысында - 34,
Батыс Қазақстан облысында - 46,
Қарағанды облысында - 551,
Қостанай облысында - 245,
Қызылорда облысында - 65,
Маңғыстау облысында - 109,
Павлодар облысында - 296,
Солтүстік Қазақстан облысында - 76,
Түркістан облысында - 45.
- "29.08.2021 жылы пневмонияның 39 жағдайы және 22 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 69732, 4428 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58440-қа жетті", - делінген хабаламада.
Сондай-ақ, Қазақстанда 6 533 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында - 1445,
Алматы қаласында - 702,
Шымкент қаласында - 116,
Ақмола облысында - 285,
Ақтөбе облысында - 73,
Алматы облысында - 346,
Атырау облысында - 643,
Шығыс Қазақстан облысында - 112,
Жамбыл облысында – 422,
Батыс Қазақстан облысында - 27,
Қарағанды облысында - 1311,
Қостанай облысында - 305,
Қызылорда облысында - 150,
Маңғыстау облысында - 195,
Павлодар облысында - 153,
Солтүстік Қазақстан облысында - 142,
Түркістан облысында - 106.
Елімізде барлығы 673 629 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 30 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 629 678 адам, екінші компонентін 5 365 824 адам салдырған.