Депутаттар «Асар-2» тұрғын алабы инфрақұрылым жүйесінің құрылысымен танысты
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Жадыра Таңатарова «Асар-2» тұрғын алабы инфрақұрылым жүйесінің құрылысымен танысты. Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасына енген аумақта бүгінгі таңда электр қуатының құрылыс-монтаждық жұмыстары толығымен аяқталса, ауыз су, кәріз жүйесі, табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
Атап айтсақ, мемлекеттік ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында "Сарыағаш-Аман" ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 1 560,5 миллион теңгені құраған. Қалған қаржы – 431,3 миллион теңге. Су жүйелерінің ұзындығы – 156,1 шақырым. Орындалған жұмыстар көлемі – 65%. 2021 жылдың қазан айында толық аяталады деп жоспарлануда.
Ал, "Монополит дизайн" ЖШС-і мердігер мекемесі кәріз жүйесімен қамту жұмыстарымен айналысуда. Жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құрайтын кәріз жүйелерінің жоба құны – 1 040,6 миллион теңге. 2021 жылға 312,2 миллион теңге қаржы қаралса, оның игерілгені – 120,0 миллион теңге. Сондай-ақ, 2022 жылға қаралған қаржы – 608,4 миллион теңге. Жүргізіліп жатқан жұмыстар толығымен 2022 жылдың қазан аяғында аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, электр қуатымен қамту жұмыстары «Ремстрой Алматы» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан атқарылды. Жоба құны – 1 155,9 миллион теңге құраған. Қаржы толық игерілген. Орындалған жұмыстар: электр желісі – 87,2 км, РП – 1 дана, КТП – 24 дана. Құрылыс-монтаждық жұмыстары 100% аяқталған.
Сонымен қатар, табиғи газбен қамту жұмыстарын «Отау строй» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы жоба құны 1 221,146 миллион теңгені құраса, игерілген қаржы – 614,8 миллион теңге. Газ жүйелерінің ұзындығы – 606,0 миллион теңге. Орындалған жұмыстар көлемі – 60%. Толығымен 2021 жылдың қазан айында орындалады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «Асар-2» тұрғын алабында 2765 үй бар, жалпы халық саны – 11060 адам.
Жол салу жайы жоғарыда аталған жұмыстардан соң қолға алынатын болады. Соған қарамастан, тұрғындарға 2 бағытта қоғамдық көлік қызмет етуде. Жол салынғаннан кейін жолаушылар ағымына қарай қосылады.
Кездесуде алғашында көпқабатты тұрғын үйлер салынады деп жоспарланып, осының салдарынан жобаға енбей қалған «Асар-2» тұрғын алабындағы аймақтың Дәурен Балғашев есімді тұрғыны ауыз су, кәріз жүйесі, табиғи газ, электр қуатының құрылысы қай уақытта басталатыны бойынша сұрағын қойды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары жоба жоспары жасалынғанын, қаржы қарастырылған жағдайда жұмыстар басталатынын жеткізді.