«Күдіктінің ата-анасы ұлдарынан бас тартып отыр»: - Аяжан Еділованың өлімі

Oinet.kz 22-06-2021 1650

Аяжан Еділованың өліміне қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты істің қалай жүргізіліп жатқаны жайлы сөз қозғады. Ол барлық сараптаманың нәтижелері дайын болған соң іс сотқа жіберілетінін жеткізді. Бұл туралы 31 арнаның "Ащы да болса, шындық" бағдарламасында айтылды. 

Screenshot_2.jpg

Адвокат Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, бұл іс бойынша шамамен 30-ға жуық сараптама тағайындалған. Олардың жартысына жуығының жауабы шыққан. Ал тергеудің ұзаққа созылуының бірқатар себебі бар.

"Іс өте күрделі, бәлкім, сарапшылар мұндай оқиғамен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр. Сарапшылар қиын сұрақтардың жауабын іздеуде. Мамандандырылған прокуратура бұл тұрғыда өте жоғарғы деңгейде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда прокуратура тек адам өлтіру бабынан бөлек басқа да нұсқалардың барлығын қарастырып жатыр. Атап айтсақ, қыз зорланды ма, зорланбады ма, адам денесін саудалау, қандай діни ағымдарда болды деген сынды нұсқалардың кешенін зерттеуде", – дейді заңгер. 

Бұған қоса, ол халық арасында айтылып жүрген жаңсақ пікірлерге тоқталды. 

"Өзінің тәнін сатуға барған, ақшаға келіскен деген сынды қауырт сөздер айтылып жүр ғой. Бірақ сол күні Аяжан Қыдырәлі деген досымен киімге, бартерге байланысты сөйлескен. Бірақ интернет қолданушылары "Неге тапсырыс алуға түнде үйіне барған?" деп сұрап жатады. Аяжан сол түні жұмысынан шығып, күдіктінің тапсырысы үшін оның үйіне киім өлшемін жасауға барған. Ал білетініміздей, бұл ақылы түрде жүзеге асырылады. Сол жоспармен Төребаевтың үйіне кірген. Ары қарай не болғаны тергеуге ғана мәлім. Егер халық арасында айтылып жүрген сөз рас болса, Аяжан сол түні әріптесіне бартер туралы және жігітіне өзінің қайда екенін жазып жібермейтін еді. Менің адвокат ретіндегі пікірім", – дейді ол.

Қорғаушының сөзінше, күдіктінің туыстары одан бас тарқан.  

"Менің білуімше, Төребековтың ата-анасы, туыстары одан бас тартып отыр. Қорғаушы мемлекет тарапынан тағайындалған. Бұл менің пікірім. Адами тұрғысынан қарасақ, ол кісілерге де өте ауыр. Тәрбиелеп өсірген баламыз сұмдық қылмысқа барып отыр. Енді біз қай бетімізбен кешірім сұраймыз деп ойлауы да мүмкін", – дейді Қадыржан Ғалымжан. 

Сонымен қатар заңгер істің қашан сотқа жіберілуі мүмкін екенін айтты. 

"Тергеу мерзімі созыла береді, болжам бойынша сараптама қорытындысы шығып, қажетті адамдардан жауап алынғаннан кейін іс сотқа жіберіледі. Өз тәжірибемде мұндай қатыгез түрде жасалған қылмыспен бірінші рет жұмыс жасаудамын. Біздің елімізде мұндай ауыр қылмыс практикасы жоқтың қасы", – дейді адвокат. 

Еске салсақ, бұған дейін Аяжан Еділованың туысы марқұм жайлы айтқан болатын. 

«Завучты» жіпке асылмақшы болған жерінен көршісі аман алып қалған
«Мен өлгім келмейді деп жылаған еді»: - Аяжан Еділованың әпкесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу