«Мен өлгім келмейді деп жылаған еді»: - Аяжан Еділованың әпкесі

Oinet.kz 22-06-2021 2282

31 арнаның "Ащы да болса, шындық" бағдарламасына берген сұхбатында марқұмның туыс әпкесі Аяжан туралы айтып берді. Оның сөзінше, марқұм өзгелермен тез тіл табысқыш, ашық жарқын мінезді болған. Қазіргі таңда қыздың туыстары оның өліміне әлі күнге дейін сенбейді.

Screenshot_1.jpg

"Аяжан тәрбиелі қыз еді, оны еркелетіп өсірдік. Оның жаман қылыққа баратынына сенбейміз. Біздің қолымызда өсті. Адамға өте сенгіш болатын. Бір көрген адаммен тез араласып, тез тіл табысып кететін. Бір сағаттан кейін қарасаң, таныс емес адаммен туыс секілді сөйлесіп отыратын. Адам жатырқамайтын мінезді еді. Аяжанның құрбыларымен қыдырып, клубтарға, кафелерге барып жүргенін байқаған жоқпын. Ондай қылықтары болса, біз оны іздемес едік. Ол тіпті ешқашан кұрбысының үйіне қонып көрмеген. Айтқан уақытында үйіне келетін. Сол күні бірінші рет кешікті, бірінші рет кешігетіні туралы ескертпеді", – дейді марқұмның әпкесі.

Сондай-ақ ол Аяжанның өлмес бұрын қатты жылағанын есіне алды. 

"Алматыға келгеніне екі ай болатын. Өзім сол кезде оны басқа қалаға жібергім келмеді. Үйде қал, қазір ауру жүріп жатыр деп айттым. Үйде байлап отырған едім. Жұмыс істеп жүрген қыз еді, Талдықорғанда карантинде отырып күйзеліске түсіп кетті. Бір күні үйге келсем, жылап-жылап көзі қызарып отыр. "Не болды?" деп сұрасам, "Нұргүл мама, мен өлгім келмейді, мен өмір сүргім келеді" деп айтты. "Неге олай айтасың?" деп сұрап едім, "Енді адамдардың бәрі коронавирустан көз жұмып жатыр ғой. Егер мен коронавирус жұқтырып алсам, мені қайтсеңізде, емдеп аман алып қалыңызшы. Мен өмір сүргім келеді" деп жылап көзі ісіп кетіпті. Сол кезде оны құшақтап, жұбатып, "Сен өлмейсін, сені алып қаламын" деп айттым. Үйден шықпай депрессияға түсіп кетті ме деп ойладым”, – дейді Аяжанны әпкесі. 

Еске салсақ, Аяжан Еділова 19 наурызда үйіне қайтып оралмаған. Екі күннен кейін оның бөлшектенген денесі Алматыдағы көп қабатты пәтерлердің бірінен табылды. Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қала аралап, дене бөлшектерін қоқыстарға тастаған. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктінің ата-анасы ұлдарынан бас тартып отыр»: - Аяжан Еділованың өлімі
«Эпидахуал қолайсыз» - әкімдікке тапсырма берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу