Cәуле Әбілдаханқызын Сарыағашта мешітке кіргізбей қойды (фото)

Oinet.kz 23-05-2021 4446

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Сарыағашта өзін мешітке кіргізбей қойғанын айтты. Ол бұны надандыққа теңеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Сәулет Әбілдаханқызы Facebook парақшасында мешіт қызметкерлерінің іс-әрекеті қаншалықты заңды екенін сұрады. 

"Мешітке кіруге менің киімім... және бұрымым жарамайды екен. Елімізде азаматтың құқығын таптаудың тағы бір көрінісі. Надандықтың шыңы деген де осы...

Бұл мешіттің қызметкерлері (охранасы, тағы біреуі, ұстазы) неғып сонша маған агрессивті түрде жиырылды десем... Смановтардың мешіті екен ғой...

Мен - бұлар үшін "жын" шығармын. Бұлар мен үшін "жын" шығар. Әйтеуір ә дегеннен екіжақты "тебіліс" реакциясы жүрді...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас имам мырза, бұл мешіттегілер менің киімімді жарамайды деп, әркім киген халатты кимесең кірмейсің деп кіргізбей қойғаны қаншалықты заңды???

Сіздер Құдайды мешіттен іздейсіздер. Мен де іздеп көрдім, таппадым. Өз Құдайым өзімде. Бизнес-мешітте емес. Менен ашық-шашық киім немесе мини-юбка немесе тырысқан киім көріп тұрсыздар ма? Әлде жалаңбаспын ба? - деп жазды журналист.

Жанар Айжанова: Үндемей жатқаным - қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім
Баланы ешқашан ата-әжеге беруге болмайды - танымал педагог-коуч
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу