Қазақстандағы ең бай блогердің бірі діни орда құрылысына 105 млн теңге аударды
Кеше "Kex group" компаниясының басшысы, белгілі блогер Асхат Талғатұлы гелендваген көлігін 105 000 000 теңгеге сатып, ол қаржатты елімізде бірден бір діни маман даярлайтын “Нұр Мүбәрак” университетінің жаңа ғимаратының құрылысына аударды.
Асхат бауырымызға Алла разы болсын!!! Баршаға үлгі болар іс жасадыңыз. Мың алғыс!
Бұл өте үлкен қайырымдылық. Иә, шындығында өзі жақсы көрген, өзіне қажет болған дүниеден қомақты көлемде садақа беру екінің бірінің қолынан келмейді.
Алайда, қарапайым қазақ баласы мұның мүмкін екендігін дәлелдеді. Құрметті достар, блогерлер, кәсіпкерлер, жай ғана қарапайым бауырларым!!!
Баршамыз бірігіп, жұдырықтай жұмылып, еліміздегі жалғыз діни ордасының жаңа ғимаратын аяқтауға қаржылай қолдау көрсетейікші.
Асхат бауырымыздың жомарттық ЧЕЛЕНДЖІН жалғастырайықшы. Осы постты әрі қарай бөлісіп, азаматтарға таратайық. Жаратқан Ием баршамызға жар болсын!!!
Төлеби Оспанның Facebook парақшасынан