Заманбек Нұрқаділовтың немересі Нұрбибі "келіншегі" Тоғжанмен ажырасып кетті
Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың немересі Нұрбибі Нұрқаділова 10 мамыр күні мерейлі 30 жасқа толған туған күнін атап өтті. Ол өмірін жаңадан бастауға шешім қабылдаған сыңайлы.
Instagram Stories-ке қарағанда, Нұрбибінің азаматтық некедегі «әйелі» Тоғжанмен ажырасып кеткені байқалады.
Ажырасу себебі туралы ештеңе айтпаған. Десе де, Алматы қаласының клубтарының бірінде ештеңеге алаңдамай, көңіл көтеріп жүр. Нұрбибі жариялаған посттарға сенсек, оның ұзақ уақыт жалғыз болмайтын түрі бар. Блогердің өмірінде «жүрегін жаулап» үлгерген басқа әйел пайда болған сыңайлы.
Еске сала кетсек, Нұрбибі мен Тоғжан үш жыл бірге тұрған. Тоғжан бірінші болып, үйленуге ұсыныс жасаған-ды.