Шымкент: Кәсіпкерлер үшін қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды

Oinet.kz 06-04-2021 772

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков мәлімдеді.

image.png

– Осы жылдың 5 сәуірінен бастап «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарлама шеңберінде 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі. Ал арнайы конкурстық комиссияның құрамында түрлі саладан қамтылған тәуелсіз азаматтар болады, – деді Береке Талғатұлы. 

Басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтік осал топқа жататын жандар жеке шотына бизнес жобасына сәйкес 10 пайыз қаржы құймайды. Яғни, оларға инновациялық талап қойылмайды.

Брифингте белгілі болғандай, «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс:

1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) Конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім;

3) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) Жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

5) Өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;

6) Бизнес-жоспар;

7) Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат (қажет болған жағдайда);

9) Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);

10) Өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

Айта кетейік, өтінім Шымкент қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінде қабылданады. Ал конкурсқа құжат өткізу 2021 жылдың 19 сәуіріне дейін жалғасады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

«Сөзден гөрі іске ден қояды» - Берік Уәли Президент туралы айтты (видео)
Ортағасырлық Күлтөбе қалашығын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу