Бір аптада 13 адам кісі қолынан мерт болды
01-08-2022
Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы аса қатыгездікпен өлтірген күдіктінің полицияға берген түсініктемесінде айтқан алғашқы сөздері белгілі болды, – деп хабарлады caravan.kz. Басылым тілшісінің сұрақтарына Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары, подполковник Рустам Әбдірахманов жауап берген.
Подполковник Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, күдіктінің полицейлерге айтқан бірінші сөзі «Мен оның етін жеген жоқпын» болыпты.
Кейіннен анықталғандай, ол Құранды жетік меңгерген. Алдағы уақытта дінге берілмекші. Күдікті тергеу кезінде егер аман-сау түрмеден шықса, жастарды оқытамын дейді. Өзінің қателігін еске алып, оны басқалары қайталамас үшін күш салмақшы», – деді Әбдірахманов.