Бір аптада 13 адам кісі қолынан мерт болды
01-08-2022
Кеше әлеуметтік желіде Аяжан Еділова есімді өрімдей қызды айуандықпен өлтірді деп айыпталған күдіктінің аты-жөні мен фотосуреті тарады. Күдіктінің есімі - Рахманберді Төребеков Тілләбайұлы. Ол 1993 жылы 11 сәуірде Түркістан облысында туған. Аяжан Еділова онымен Badoo деп аталатын сайтта танысып, 16 наурыз бен 19 наурыз арасында сөйлескен деген ақпарат бар. Нұркент шағынауданы 5-ші үй 6-шы корпуста тұратын бейтаныс адаммен қандай мақсатта кездесуге барғаны туралы тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды. Оның нақты себебі сот барысында белгілі болмақ.
Кеше ғана ауруханадан уақытша оқшаулау изоляторына ауыстырылған күдікті туралы ақпараттар жинап көрдік. Р. Төребеков қыздың бөлшектенген мүрдесін Алатау ауданындағы үйіне такси шақырып, Бостандық ауданындағы Ә. Кекілбайұлы көшесінде орналасқан қоқыс контейнеріне және кейбір бөлшектерін Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына апарып тастаған. Қалғанын пәтердегі тоңазытқышта ұстаған деген мәліметтер бар.
Azattyq-ruhy.kz тілшісіне өзін Олжас деп таныстарған көршісі күдіктіні сирек көретінін айтты. Күдікті 2011 жылы мектеп бітірген соң, Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық универсиетіне оқуға түскен. Көп ұзамай Шымкенттегі медицина унисерситетіне ауысып, үлгерімі нашар болғаны үшін оқудан шығарылған. Ол 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Алматыда алкоголь өнімдері мен сусындар сататын компанияда аудитор болып жұмыс істеген. Ал, қылмыс жасалған пәтер оның ағасына тиеселі болып шықты. Көршілерінің айтуынша, оның ағасы қазір отбасымен бірге Белгияда тұрады. Бұл пәтерді мемлекеттік бағдарламамен сатып алған. Рахманберді Төребеков былтыр жылдың басынан бері, яғни карантин күшейтілгеннен бері осы пәтерде жалғыз тұрып келген.