Навальныйдың денсаулық жағдайы белгілі болды

Oinet.kz 25-03-2021 1083

Владимир облысы бойынша РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы ИК-2-де қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп хабарлады. Оған тексеру нәтижелері дәлел, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Навальный.jpg

24 наурызда Владимир облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар өтініші бойынша медициналық тексеріс жүргізілген.

- 24 наурызда түзету мекемесінде медициналық тексеріс жүргізілді. Оның ішінде сотталушы Алексей Навальный да тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның денсаулық жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деп бағаланды, - делінген РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Владимир облысының омбудсмені де Навальныйдан ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.

Президент Маминге азаматтарға вакцина салуды 6 млн адамға жеткізуді тапсырды
Жалғызбасты ана сотталмақ - қаржылай көмек керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу