Жалғызбасты ана сотталмақ - қаржылай көмек керек

Oinet.kz 25-03-2021 1004

Жалғызбасты ана 2 жылға сотталуы мүмкін. Қазіргі таңда басы дауға қалып тұр. Бұл туралы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген қоғам белсендісі Эльмира Ешниязова өз инстаграм парақшасына жазды, деп хабарлайды Oinet.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

image.png

26 жастағы Фариза Шымкент қаласының тумасы. Ақпанның 3-і күйеуінен айырылып, үш баласымен жалғыз қалады. Өз әке-шешесі ерте кезде тастап кеткен. Ал ата-енесі ұлдары қайтқан соң келінінің нөмірін бұғаттап тастаған.

Тамыз айында жұбайымен бірге елордаға көшіп, пәтер жалдап тұрған. Көршісімен жанжалдасып, арты үлкен дауға айналады. Төбелес кезінде газ үстінде тұрған шәйнек құлап, көршісі дене жарақатын алады. Сорақысы, бұл жанжал бала үшін болған. Ұлты өзбек көршісі Фаризаның үстінен шағымданып, ісі сотқа өтеді.

Кейін көршісі “денсаулығыма зиян келтірдің” деп 1 миллион 200 мың ақша сұратып жатыр. Төлемесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

Эльмира Ешниязова көп адамға жұма сайын баспана сыйлаған Dauletten атауымен көпшілікке таныс Даулет Мукаевты белгілеп, көмектесеміз бе деген сауал тастады.

Халық әрдайым көмектен қашқан емес. Көп түкірсе көл. Анасы абақтыға жабылса, үш бала жетім қалмақ...

Навальныйдың денсаулық жағдайы белгілі болды
Шыңғыс Мұқан: Наурызды тойлауға бюджеттің бір тиыны кетпеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу