Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жер шарындағы сейсмикалық белсенділік төмендеді. Мұның себебі коронавирусқа қарсы карнатинмен басқада шектеу шараларының енгізілуі болып табылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл 33 мемлекеттің сейсмологтарынан құралған халықаралық топтың зерттеуінен кейін анықталды. Олар әлемдегі 268 сейсмикалық станцияның 185 станциясынның тіршілік деңгейін арнайы құралдармен өлшеген. Адамдардың қарбалас өмірі мен өндірістің тоқтатылуынан жердің ішкі қыртысында тыныштық пайда болған. Сондай-ақ қалалардағы шу да азайған. Сарапшылар қалыпты өмірде тек жаңажылдық демалыстар кезінде ғана тыныштық болатынын алға тартады.
– Біздің зерттеушілер халықаралық деңгейдегі әріптестермен бірлескен жұмыс нәтижесінде сейсмикалық шу мен қалалардағы дамылсыздық едәуір басылғанын анықтады. Мұндай оң өзгеріске әртүрлі елдерде енгізілген карантиннің тікелей әсері бар, дейді Швейцарияның сейсмикалық қызмет өкілі Мишель Марти.