«Сырдария» университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өтті
2021 жылдың 18 ақпан күні Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсат- университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.
Іс-шараға Жетісай аудандық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Мутаев, "Экономика және заңтану" факультетінің деканы, заң ғылымының кандидаты С.Ынтымақов, «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының докторы Б. Жандарбек, «Құқық және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. М. Ихласова қатысты.
Жиын барысында М.Ихласова баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың түрлерін атап өтті. Дамыған елдердегі қабылданған шараларды мысалға келтірді. Ғасыр індетінің қоғам дамуының барлық саласына зиынын тигізетінін, дамуды тежейтініне тоқталды.
Б.Жандарбек сыбайлас жемқорлықпен күресудегі заңдық құрылымның маңызына тоқталып, оны жоюдың тиіміді тәсілдерін ұсынды. С.Ынтымақов сыбайлас жемқорлық оның ішінде кездесу фактілерін атап, оларды әділ тексеру, бағалау жөніндегі ойымен бөлісті.
Жетісай аудандық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Н.Мутаев аудандағы ахуалға баса назар аударды. Тәрбие мен отбасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңыздылығына тоқталып, жастарды қоғам індетімен бірге күресуге шақырды.
Конференция барысында оқытушы-профессор құрамы мен студенттері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. «Сырдария» университетінің ғалым-хатшысы Л.Абенова жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданатын негізгі бағыттар мен шараларға тоқталып, студенттерді адал болуға, қоғамда белсенді болып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірігуге шақырды.