Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.
Халықтың арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін елдің бас санитарлық дәрігері шешім қабылдады:
1. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Шектеу карантиндік шаралар және оларды біртіндеп азайту туралы» (бұдан әрі Қаулы) қаулысына сай өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек.
1) қаулының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23) білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану қызметіне талаптарын ескере отырып рұқсат беру.
« 2) «Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмыс істеуін шектеу критерийлері» туралы Жарлыққа 4-қосымшада 22-жол мынадай түрде баяндалсын:
Мешіттерде (бес уақыт), жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілген. Бірақ 30%-дан аспайтын көлемде адам саны 100 адамнан аспау керек.
Жұма намазды тек ауылдық жерлерде 150 адамға дейін 25% -дан аспайтын адам көлемінде мешіттерде оқуға рұқсат етіледі.
3) Қаулының 24-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгертіледі.
2. «Республиканың мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы No 59 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
"Қазақстанға шетелден әуерейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген анықтаманы ұсынуға міндетті;
Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
халықаралық транзитпен қатынайтын жолаушылар транзитті аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады", - делінген қаулыда.
Қазақстанға мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етіледі:
Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті;
Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.