"Зейнетке шықса да жастарға сағат бермейтін мұғалімдер кету керек"
Facebook желісінде Айман Сағидулла есімді қолданушы 27 сағатпен жұмыс істейтін зейнеткер мұғалімдерді сынға алды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айман Сағидулла мұндай зейнеткер ұстаздар, орындарын, сағаттарын жастарға беру керек деп есептейді.
Бір мәселені түсінбей жүрмін. Мұғалімдерден директорлардың жалақысы аз екенін қайталай беретіндер көбейіп кетті.
Мұғалімнің жалақысының өскеніне әрі кетсе 3 жыл болды. Тест басталғалы ғана. Оның үстіне барлық мұғалім ақшаның астында қалып, байып кеткен жоқ. Көп жерлерде 10 сағатпен жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. 10 сағатқа 100 000 теңге жалақы алады. Көп жерлерде директорлар сағат бермейді.
Кей мұғалімдердің жалақысының көптігін көреді де "мұғалімдер ақшаның астында қалды,"-деп ойлайды. Негізінен жастар жағында сағат аз. Заң бойынша мұғалім 18 сағат алуы керек. Жастарды 10 сағатпен жүргізіп, пенсионерлер 27 сағат алатын мектептер бар.
Пенсияға шықтың ба, шүкіршілік етіп, орыныңды жастарға бер. Жастар жұмыс жасасын, үйлі болсын. Өмір сүрсін.
Асхат Аймағамбетов мырза! Пенсионерлерді мектептен шығару керек немесе 9 сағат қана беру керек. Осыны бір заңдастырып жіберсеңіз екен.
Пенсия жасын сұраймыз, пенсияға шығып алып, мектептен кетпейміз, жастардың несібесін тартып аламыз. Әділдік емес.
Ал, директорлардың жалақысы аз емес. Олардың директорлық лауазымына алатын жалақысын бөліп айтып жүрсіздер. Оларда 9 сағат бар. Екеуінің жалақысын қосқанда кәдімгідей ақша ғой. Сағат алмайтын директор жоқ. Өткенде бір директор жалақысының 260 000 екенін айтты. Аз ба? Тест тапсырса, одан да көбейеді. Мұғалімдер де тестпен көтеріп жүр жалақыларын" - деп жазды Айман Сағидулла.
Еске сала кетейік, өткен жылыты мұғалімдердің жалақысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға өсетіні айтылған еді. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке осыған қатысты тапсырма жүктеді. Министрді қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды жүктеді.