«Жанболат Мамай деген кім? Ол - боқмұрын» - Ермахан Ибраимов

Oinet.kz 13-01-2021 1394

10 қаңтар мәжіліс және мәслихат сайлауы өтіп жатқан күні Алматыдағы орталық алаң маңында Жанболат Мамай бастаған топ митингіге шыққан болатын. Митинг өтіп жатқан алаңда олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та бой көрсеткен еді. Боксшының бір топ адамның ортасында қарсы тараптың плакаттарын жыртып, олардың пікіріне қарсы екендігін айтқан видеосы жарияланған болатын, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Жанболат пе Ермахан.jpg

Ермахан Ибраймовтың бұл әрекетіне қоғам белсендісі Жанболат Мамай өз пікірін білдірген еді.

- Жаңа ғана осы жерге олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибраимов келіп, бізге қарсы арандату жасады. Ол биліктің тапсырмасымен осыны жасап отыр. Биліктің тапсырмасымен бізге шабуыл ұйымдастырып отыр. Осы «Нұр Отанның» мүддесін қорғап, биліктің мүддесін қорғап осылай жасап жатыр. Көрдіңіздер ғой - деді Жанболат Мамай.  

Ал, қоғам белсендісінің бұл сөзінен кейін олимпиада чемпионы да үнсіз қалмады.

- Жанболат Мамай мен оның жақтастары"президент - кет! Нұр Отан - кет!"- деген осы тектес сөздермен плакат ұстап тұрды. Яғни, бұл адамдар біздің отыз жыл бойы құрған қоғамымызға және оның бірлігіне қол сұғуды ойлаған. Жанболат Мамай деген кім?! Ол отыз жастағы әлі өмірде ештеңеге қол жеткізе алмаған боқмұрын. Ал мен өз елім үшін күресіп, мемлекеттің даңқын асырып, түрлі жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, Олимпиада чемпионы атандым. Сондықтан мен кейбір адамдар осындай қорлайтын ұрандармен сөйлей бастағанда, жай қарап тұра алмаймын - деді Ермахан Ибраимов.

Данияр Елеусінов Головкинмен байланысы турлы шындықты айтты (видео)
Түркістан: «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер тізімі жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу