Фейк ақпарат сізге қалай әсер етеді?
31-03-2022
Отандық танымал боксшы Данияр Елеусінов отандасы Геннадий Головкинмен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты. Қос спортшының арасында бұған дейін өзара түсініспеушілік орын алған болатын, деп хабарлайды Oinet.kz.
Данияр Елеусінов бүгінде Геннадий Головкинмен мүлдем араласпайтынын жеткізді. Белгілі болғандай, ол GGG-ден гөрі оның туған бауырымен көбірек хабарласып тұрады екен. Елеусіновтың айтуынша, бокстағы ағасына оның сұхбат барысында айтқан сөздері ұнамай қалған болу керек. Сол себепті, Головкиннің бұл жайтқа деген реніші әлі де басылмаған көрінеді. Бұл туралы Данияр Елеусінов Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына берген сұхбаты барысында айтып берді.
- Оның өзінде болмаса, мен де айтарлықтай оған деген реніш жоқ. Қарым-қатынас дейтіндей, қатты қарым-қатынас та жоқ. Араласпаймыз. АҚШ-та ол Калифорния штатында дайындалады. Соңғы бәсекесіне ғана ол Флоридада дайындалды. Менің соңғы бәсекемде де болды. Мен оған қарағанда ағасымен араласамын. Екеуміз анда-санда жазысып, қал сұрасып тұрамыз. Оған менің берген сұхбаттарым ұнамай қалған болу керек. Маған "екінші Головкин" деп айтқандары ұнамады. Сол себепті, мен "екінші Головкин болмаймын" деп жауап қайтарған едім. Мен Головкиннің деңгейін түсіріп, кемсітетіндей нәрсе айтқан жоқпын.Тек екеуміздің жолымыз бөлек, табиғатымыз да бөлек екенін түсіндіргім келді, - деп ағынан жарылды Данияр Елеусінов.