Фейк ақпарат сізге қалай әсер етеді?
31-03-2022
Өткен аптада Whatsapp желісінде "Каспи банк" жабылады екен" деген ақпарат желдей тараған болатын. Осы ақпараттан соң банктың бұрынғы акционерлерінің бірі Қайрат Сатыбалды ұсталған соң көпшілік үрейге салынды. Осыған байланысты банк басшысы Михаил Ломтадзе бейнеүндеу жасады.
«Бірінші, Kaspi-дің банкроттығы туралы хабарламалар. Бұл нағыз далбаса. Мен Kaspi компаниясын 2007 жылдан бастап, 15 жылға жуық басқарып келемін. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін жеке жауаптымын. Біз еліміз үшін көп нәрсе жасадық, клиенттеріміз бізді жақсы көреді, мұндайда көптеген арам пиғылдылар мен жаман адамдар қызғанышпен қарап, ақша төлеп, өтірік қауесет таратып, арандатушылық ұйымдастырып, бәрін бүлдіруге тырысатыны анық», - деді ол үндеуде.