Қаш, Зеленский, қаш!
Кейбір ақпарат құралдары Украина президенті Зеленскийдің шетелге, енді бірде Львовқа қашып кеткенін жазып жатыр. Алайда бұған нақты дәлел жоқ. Ресми мәлімет бойынша Зеленский әлі де Украинада.
Жалпы, Украинадағы соғыста кімнің жеңетіні белгілі болып қалды. Бірақ Зеленскийдің ендігі тағдыры бұлыңғыр. Бірнеше варинат бар: ол ақырына дейін шыдап, Ресей әскеріне өз еркімен беріледі немесе бәрін бір Құдайға тапсырып, шетелге қашып кетеді. Бұл соғыстың бейбіт келісіммен аяқталуы мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Осындай қиын-қыстау кезде Зеленскийге кеңес беріп жатқан елдер де аз емес сияқты.
Мәселен Изриальдің премьер-министрі Нафтали Беннет Владимир Зеленскийге сөзсіз тізе бүгіп, Путиннің айтқандарына мойынұсыну туралы кеңес берген көрінеді.
Алайда бұл мәліметті Зеленскийдің әкімшілігі де, Израил үкіметі де жоққа шығарды. Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Зеленскийді қандай жағдай болса да бірінші кезекте қантөгісті тоқтатуға шақырып отыр.
Украинада соғыс басталғалы бері екі жарым миллионнан астам адам шетелге босып кеткен.