Түркістан–Мақтаарал: Ауданда құрылыс қарқынды жүргізілуде
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Берік Шәмпиев пен Асылбек Ауезов елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесуін жалғастыруда. Бүгін Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Елқоныс елді мекенінің тұрғыны Асал Рабиеваның шаңырағында болды. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шарада кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оң нәтижелі бірнеше істің басын ашып айтты. Ал, сайлаушылар өз кезегінде ауылды аймақтарда балабақшалар мен медициналық пункттердің саны мен сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындары тарапынан айтылған мәселеге байланысты партияның ықпал етуімен төтенше жағдай салдарын жою бойынша 8 әлеуметтік нысанның, атап айтқанда, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 полиция пункті, 3 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Салыстырмалы түрде алсақ, Мақтарал ауданында 2019 жылы құрылыс саласына 7 917 млрд теңге қаралса, 2020 жылға 29 млрд теңге қаралған.
Мұның бәрі, әрине, партияның тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар екеніне көзі жеткен Елқоныс ауылының тұрғыны Асал Рабиева партияны қолдап, дауыс беретінін айтады.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді