Түркістан–Мақтаарал: Ашықтық пен жариялылық – партияның басты ұстанымы

Oinet.kz 02-01-2021 994

Screenshot_3.png

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штбаның бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Ахментаева А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, басымдықтарына, ондағы қамтылған салаларға жеке-жеке тоқталды. Алға қойылған меже бағындырылған жағдайда қол жеткізер нәтижелер айтылды. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.

Бүгінде халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартып, өмір сүрудің қолайлы принцптерін қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген партия алдағы 5 жылдық ел дамуы жолындағы жоспарларын бұқараның ұсыныс-тілектерінен, өтініштерінен топтастырып отыр.

Ол бойынша партияның ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруға арналған «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасын табатын болады. 

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Ахментаева 2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жобалардың нәтижесінде алдағы 5 жылда аудан тұрғындары таза ауыз су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізетіндігін айтады.

Қолға алынған әрбір жобаның жүзеге асуында партиялық бақылау бекеттерінің рөлі артып, мемлекеттік қаржылардың мақсатты жұмсалуын қадағалауды күшейтіп отырған «Nur Otan»-дықтар ашықтық пен жариялылықты қолдайтындықтарын айтады.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Түркістан–Мақтаарал: Ауданда құрылыс қарқынды жүргізілуде
Түркістан–Мақтаарал: Партия маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, ұлттық құндылықтарды қастерлейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу