Түркістан–Мақтаарал: Партия агро саланы көтеруге ниетті
2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауға «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Берік Шампиев пен Асылбек Ауезов партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Елқоныс елді мекенінде «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында кездесу өткізді. Ес білгелі ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп, отбасының несібесін арттырып отырған Хамро Нуфтулаевқа үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 7 басымдық бойынша негізгі атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Ауыл шаруашылығына қатысты «Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту үшін Мақтаарал ауданының шекара маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдалана отырып аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға және 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 5 жылда 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ға төмендетіледі, орташа айлық жалақы 187 мың теңгеге жетеді деп жоспарлануда.
Ардагер дихан алдағы сайлауда партияға дауыс беруге, қолдау көрсететіндігін айтады.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді