«Өмірде жөні түзу енелер жоқ екен» Say Mo ажырасқалы жатыр
Say Mo лақап атымен көпке танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембек ел күтпеген мәлімдеме жасап, барша жанкүйерлерінің көңілін түсірді. Осыдан бір ай бұрын ғана Шәріп Серік есімді актерге тұрмысқа шыққан ару енді онымен ажырасқалы жатқанын хабарлады.
Мөлдір Есембек Instagram парақшасында Stories-те бұл тақырыпқа байланысты бар жан сырын ақтарып, ажырасу жайлы шешімге не себеп болғанын ашып айтты. Оның сөзінше, жас жұбайлардың өзара келіспеушілігі актердің анасына тікелей қатысты. Say Mo енесі олардың қарым-қатынасына көп араласа беретінін жеткізді.
"Бұл өтірікші әйел маған тыныштық берер емес. Мен сіздерге оны мақтағаныида қаты қателескен екенмін. Достар сіздерден кешірім сұраймын, айтқандарыңыз дұрыс болып шықты. Бұл өмірде жөні түзі енелер болмайды екен. Өсекке сеніп, достарының пікірімен жүретін адам. Оның тарапынан болған түрлі жайттарға көз жұмып келдім. Алайда, бұл жолы ол менің ашуыма қатты тиді. Шектен шықты.
Менің анама тоқтаусыз қоңырау шалып, менің Instagram парақшама шағымдана берді. Бұл ересек адамның істей алатын ең ақымақ әрекеті болса керек. Ортамда мұндай адамның болғанын қаламаймын. Ол болса оңайшылықпен қоятын адам емес. Сол себепті, Шәріп екеуміз бір-бірімізді қалай қатты жақсы көрсек те, менің ажырасуға шағым тастастауыма тура келетін сияқты. Өйткені, мұндай адам барда біз ұзаққа бармаймыз. Өкінішті" , - деп жазған әнші.
Орын алған жағдайға байланысты Шәріп Серік әлі де пікір білдірген жоқ.