Мәжіліс төрағасы министрді қатаң сынға алды

Oinet.kz 28-10-2020 1089

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экологиялық кодекстің жобасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты – Aulieatanews – Жамбыл  облысының ақпараттық агенттігі

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекстің жобасын қорғаған болатын.

Заң жобасы бойынша Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин пікірін білдірді.

- Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (Мағзұм Мырзағалиевке қарата) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

- Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз, - деген Нұрлан Нығматулин екінші оқылымда осы олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.

Алматы облысының тұрғыны кездейсоқ тоғыз жыл бұрын «өлген» (видео)
Бір топ Қытай азаматтары Қазақстан аумағына келді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу