16 миллион теңге жымқырған қылмыстық топ құрықталды

Oinet.kz 26-10-2020 1029

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында қылмыстық топ 13 үйді тонаған | “Адырна” ұлттық порталы

Топ 2 жылдан аса уақыт заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

- 2018 жылғы қаңтар мен 2020 жылғы мамыр аралығында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Олар 16 миллион теңге көлемінде пайда тапқан. Жедел шаралар барысында заңсыз айналымдағы 200-ге жуық ойын жабдығы тәркіленді, - делінген хабарламада.

Қылмыстық топты Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтаған. Бүгінде бұл факт бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Ер адам жол апатынан тосын жағдайда аман қалды (видео)
Күрестен әлемнің күміс жүлдегері балуан қызбен шаңырақ көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу