Иманғали Тасмағамбетовтың анасы шын мәнінде кім?

Oinet.kz 08-09-2020 3597

Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің анасы туралы не білеміз!? Ендеше кішігірім ақпаратқа назар салсақ! 

image.png

Көзі тірісінде көптің құрметіне бөленіп, елдің анасы атанған – Ділдә Қоқанова 1930 жылы дүниеге келген.

image.png

Ділдә Қоқанұлының әкесі Матай Қоқанұлы діндар азамат болған. Ол 1937 жылы ұсталып кеткен. Қазіргі таңда қызы Шалқар ауданында салдыртқан меіттің орнында Матай Қоқанұлының мешіті болған көрінеді. Ділда Матайқызы "Белсенділердің сол мешітті төбесін ортасына түсіргенін көзіммен көрдім" деп бір сұхбатында айтқан болатын. Ол кезде Ділда апамыз кішкентай болса керек. Кейін әкесінің мешітін қалпына келтіру арманына айналып, бүгінгі таңда Шалқар ауданында әкесі Матай Қоқанұлы атындағы құлшылық үйін салдыртқан.  

Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовтың анасы күллі қазақ әйелдерін ерін құрметтеп, отбасы, ошақ қасының ұйытқысы болуға үндейді. Бойына бірден-бір қазақ әйеліне тән болмысты жинай білген Ділдә апамыз, әйел жаратылысының нәзіктігін де тілге тиек етеді. 

- «Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді, жаман әйел жақсы еркекті ада етеді. Әйел өз әйелдігін біліп, қатты айтса, қабақ шытпай, тәтті айтса еркелетіп жақсы қатынас орнату керек. Әйел азаматына ешуақытта қарсы келмеу керек. Қандай жағдай болмасын, ер азамат сол шаңырақтың ханы. Ханды тыңдайсың ба, қараны тыңдайсың ба? Ер адам сол шаңырақтың асыраушысы, бары, нары, мақтанышы.

Ол сені бағады, сақтайды, ол сенің балаңның әкесі. Қазіргі жастарға мүмкіндігің келгенше өмірлік жолдасыңды дұрыстап таңда дер едім. Әйелің кім десе, басыңдағы бағың мен астыңдағы тағың депті. Әйелің отбасыңдағы шамшырағың депті. Әйелің кім десе, келетін қонағыңның тұрағы депті. Әйел барын-жоғын ұйымдастырып, қалайда қонағын риза ететін жан. Сондықтан әйелдеріңді сыйлаңдар деп ер балаларға да айтып отырам», – деген екен Ділдә әжей.

- «Ең басты байлық – ұлттық мұраң. Соған абай болыңдар» - деген бір ауыз сөзі күллі қазақ халқына қалдырған үлгі-өнегесі іспеттес. 

Белгілі саясаткердің анасы Ділдә Қоқанов 2019 жылы 89 жасында өмірден озды. 

Арыстағы жарылыс жемқорлық кесірінен болды: Әскер бар шындықты айтты
Назарбаев стипендиясының көлемі өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу