Қызметінен айырылған қазақстандық TikTok-та видео түсіріп жүр (видео)

Oinet.kz 19-08-2020 975

Әли-Асқар Байғожин 30 жаста. Ол құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің жұмысы туралы әзіл видеолар түсіреді, деп хабарлайды Oinet.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Әли-Асқар Байғожин Атырауда туып-өскен. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы ҰҚК академиясына түскен. Алты жыл Атырау облысы ҰҚК департаментінде еңбек еткен.

- "2012 жылы оқуды аяқтадым. Атыраудағы департаментке жұмысқа тұрдым. Алты жыл бойы жедел уәкіл болдым. Аға жедел уәкіл де болдым. Кейін шетелдікпен дәмханада жанжалдасқаным үшін теріс себеппен жұмыстан қуылдым. Үстімнен іс қозғалды да, соңында жұмыстан шығып қалдым", - деді ол.

Содан кейін Әли-Асқар қарулы күштердегі оқу мен өмір туралы видеолар түсіре бастайды.

- "Біздің өз қалжыңымыз бар, көбі оны түсіне бермейді. Маған хобби болып кетті. Жұмыссыз қалғаннан кейін жалпы тақырыпқа бір ролик түсірдім. Ол басшылармен әңгімелесу туралы болды. Мен көмек сұрап барғанда: "Сен уәкілсің ғой, бірдеңе ойлап тап" дейтін. Осы видео танымал болып кетті. Бәрі таратты. Тіпті Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстаннан адамдар жаза бастады. Сол кезде мен әрі қарай да түсіре алатынымды түсіндім. Маған ұнайды", - деп бөлісті экс-қызметкер.

image.png

Ол өзінің 11 жылдық еңбек өтіліне алғыс білдіретінін атап өтті.

- "Біздің жұмыс кестеміз тұрақсыз еді. Ресми түрде 19.00-ге дейін істесек те, көбіне 23.00-ге дейін еңбек еттік. Кейде күні-түні жұмыс істейтін кездеріміз болды. Диверсия, теракт, мемлекетті сату, жемқорлық - осының бәрімен айналыстық. Жұмыс өте қызық еді. Бастысы ынта керек... Құқық қорғау органдарынан артқы уақытты көрсетіп жұмыстан шығарып жіберетін кездер жиі кездеседі. Жай құқықбұзушылықтар үшін де қызметтен айырылып қалуың мүмкін. Қызметкердің абыройы таза болу керек", - деді ол.

Қазір Әли-Асқар Нұр-Сұлтанға көшіп келген және роликтерді түсіруден бөлек, отбасылық кәсіппен айналысады.

Кірпіш құйған арулар!
Елімізде бір тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан 11 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу