Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қаза болды
Футболдан еліміздің әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Нүркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал.
Рәзия Төлеуқызы спорттық мансабын қарағандылық "Олимп" әйелдер футбол клубында бастап, онда 1987-1991 жылдар аралығында өнер көрсеткен.
Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырған.
1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін ол жерде жартылай қорғаушы болып доп тепкен.
Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.
Футболшы мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысқан.
Футболдан Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының спорт шебері.
Ресейдің үш дүркін чемпионы – 1993, 1994, 1996 жылдары.
Ресей кубогының иегері – 1994 жылы. Достастық кубогының иегері – 1996 жылы.