Сенат төрағасы маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде сенат сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру нәтижесінде 46 кандидаттың 17-сі сенат депутаты болып сайланады, деп хабарлайды Oinet.kz Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауға қатысты пікір білдірді.
Палата спикері Сенат құрамының ішінара жаңаруы үш жылда бір рет өтетінін еске салды.
- "Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардың әрқайсысынан бір депутат сайланады. Барлығы 17 депутат. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, палатаның 15 депутатын мемлекет басшысы тағайындайды", - деп жазды Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен қатар Әшімбаев қазіргі заң шығару жүйесіне сәйкес, сенат заң жобаларының сапалы қаралуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
- "Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ескерсек, сенатта өңірлер мүддесінің білдірілуі аса маңызды", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, сенат төрағасы заңдарды қабылдау жөніндегі барлық іс-қимыл қарастырылып отырған мәселелерді жан-жақты және әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңімен және қисынды жүргізілуі тиіс екенін айтты. Аталған жұмыстың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді.
- "Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасының өміріне тікелей әсері бар. Осы ретте парламент палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді", - деді сенат төрағасы.
Сонымен қатар сенат төрағасы жаңадан сайланған сенаторлар тиісті өкілеттікті алған сәттен бастап мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындау үшін белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.