«Назарбаевтың келесі президент сайлауына түсеріне сенбеймін» - Тоқаев

Oinet.kz 20-03-2019 2523

Былтыр ВВС тілшісімен сауалдасқан Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың келесі сайлауға түсеріне күмәнмен қарайтынын айтқан. 

image.png

- Шынымды айтсам, өз басым Назарбаевтың 2020 жылғы президент сайлауына қатысарына сенбеймін. Себебі, ол өте кемеңгер және аса парасатты адам. Менің ойымша, 2020 жылы Қазақстанда Назарбаевтан өзге кандитаттар бақ сынайтын президент сайлауы өтеді, – деген еді ендігі жерде экс-Сенат төрағасы Тоқаев. 

Алайда бұл өзінің “жеке пікірі” екенін тағы бір қайталап өткен Тоқаев, түптеп келгенде сайлауға түсу-түспеу туралы шешімді Назарбаевтың өзі қабылдайтынын айтқан. 

Дегенмен, ашып айтар болсам, өз басым оның келесі сайлауға түсеріне сенбеймін – деген - тұғын Тоқаев.

Телеарна тілшісінің “2020 жылғы президент сайлауына түсетін жоспары бар ма?” деген сауалына Тоқаев: “Бұлай деп айтпас едім” деп жауап берген. 

– Назарбаев бұл елдің президент болмаған күнде де елдің ішкі-сыртқы саясатына орасан зор ықпал ететін болады, – деген Тоқаев. 

Кейін бұл сұхбат қызу таласқа түсіп, Тоқаев айтқанын ежіктеп өтуге мәжбүр болған. 

– Бұл маған қойылған көп сауалдың бірі ғана еді. Елбасы келесі сайлауға қатысса да, қатыспаса да ішкі және сыртқы саясатқа келгенде соңғы сөзді сол айтатын болады. Президент беделінің шекарасы шексіз, Елбасыны ел қолдайды, ол Ұлт көшбасшысы және сол статусын сақтап қалады , – деген еді Тоқаев. 

дереккөз: dalanews.kz

​ Алексей Цой наурыз айынан бастап қанша адам коронавирустан көз жұмғанын айтты
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу